София Актаева: Финалда маған шыдамдылық жетіспеді деп ойлаймын
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалындағы өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Айта кетейік, отандасымыз рапирамен семсерлесуден күмістен алқа тақты.
"Әрине, мақсат - алтын медаль еді. Дегенмен көңіл күйім жақсы, қуаныштымын. Енді бұрынғыдан да көп еңбектену қажет.
Финалда маған шыдамдылық жетіспеді деп ойлаймын. Сәл асығыстық таныттым.
Алда - Қазақстан чемпионаты тұр. Одан кейін қай турнирлерге қатысатынымды шешеміз", - деді Актаева.
Қазақстандық семсерлесуші Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Qatar Open турнирінде қазақстандық таеквандошылар 11 жүлде жеңіп алды
Исламиада-2025: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс жүлдегер атанды