2026 жылы Астанада жүзуден әлем кубогы өтеді

2026 жылы Астанада жүзуден әлем кубогы өтеді

Келесі жылы 15-17 қазан аралығында Астана қаласында («Барыс арена» бассейні) жүзуден әлем кубогының шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz World Aquatics-ке сілтеме жасап.

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы Азия құрлығындағы бұл серияны «Жібек жолы» туры деп атады. Әуелі алғашқы аялдама Әзірбайжан астанасы Баку болады (1-3 қазан күндері). Осыдан кейінгі кезеңді 8-10 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте жалғасады. Ал тур еліміздің бас қаласы Астанада мәресіне жетіп, одан кейін әлемнің үздік жүзгіштері Бейжіңде (Қытай) өтетін 25 м бассейнде жүзуден XVIII әлем чемпионатына бет алады (1-6 желтоқсан).

Айта кетейік, бұл Астанада су спорты түрлерінен өтетін 4-ші халықаралық турнир болмақ. Осыған дейін 2010 жылдары елорда су добынан жарыстар ұйымдастырған.

«Жібек жолы-2026» турының жүлде қоры қанша?

Азиядағы әлем кубогының 3 кезеңіне бөлінген жүлде қоры - 1.2 миллион АҚШ доллары. Спортшылар мұнымен шектелмейді. Егер жарыс барысында әлем рекордын жаңартып жатса, әр жерістігі үшін тағы 10 мың АҚШ долларынан алады. Алдағы маусымда 50-ден астам елден 750 спортшы сынға түседі деп жоспарланған. Ал өткен маусымда Солтүстік Америка құрлығындағы әлем кубогы сериясында 12 әлем рекорды қайта жаңарып, жалпы жүлде қоры 1.57 миллион АҚШ долларынан асқан.

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогына қатысады

Қазақстан семсерлесушілері екі медаль еншіледі

Қазақстандық атлет жүлдеге іліге алмады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или