Қазақстандық екі боксшы әлем кубогының финалына жолдама алды

Қазақстандық екі боксшы әлем кубогының финалына жолдама алды

Бокстан Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңі аяқталуға таяп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін шаршы алаңға шыққан төрт қазақстандық боксшының екеуі финалға жолдама алды.

70 келідегі 1/2 финалда Нұрбек Мұрсал украиналық Юрий Захариевтен басым түсті.

Ал 85 келідегі боксшымыз Сұлтанбек Айбарұлы кореялық Ким Даехонды 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

57 келіде Ұлжан Сәрсенбек 1/2 финалда жергілікті спортшы Джайсмин Джайсминге жол берді - 0:5. Осылайша әлем кубогының қола жүлдесін иеленді. Жансая Рахымберді де (51 келі) финалға өте алмай, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ертең, 20 қараша Әлем кубогының финалы өтеді. Екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі:

  • 70 келі. Нұрбек Мурсал vs Хитеш Хитеш (Үндістан)
  • 85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы vs Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан).


Ақтық сын Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады.

World Boxing президенттігіне қатысты маңызды жаңалық жарияланды

Қазақстандық боксшы Әлем кубогы кезеңінде қола медальға ие болды

Ұлжан Сәрсенбек Әлем кубогы ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или