«Барыстың» қазақстандық хоккейшісі жарақат алып қалды
«Сочимен» өткен сырт алаңдағы матчта «Барыс» хоккейшісі Кирилл Савицкий жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуылшы жарақат алған ойыншылар тізіміне енгізіліп, «Барыстың» алдағы матчтарын жіберіп алады.
Бұл кездесуде қазақстандық команда қарсыласынан овертаймда 2:1 есебімен басым түсті.
Қазақстандық клуб енді екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 21 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдаса, 23 қарашада «Авангард» (Омбы) клубымен шеберлік байқасады.
«Барыс» қақпашысы ерекше нәтиже көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или