Поль Погба жақын күндері жасыл алаңға оралады
Франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба жасыл алаңға оралуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Монако» жартылай қорғаушының жарақатынан айыққанын және осы аптада «Реннге» қарсы матчқа қатыса алатынын растады. Аталған матч сенбі күні өтеді.
Бұл Погбаның соңғы 26 ай ішінде қатысатын алғашқы матчы болмақ.
Айта кетейік, 32 жастағы футболшы допинг дауы мен жарақатына байланысты 2023 жылдан бері алаңға шықпаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или