Қазақ жауынгерлері сынға түсетін турнирдің толық карды жарияланды
22 қараша күні Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night 265 турнирінің толық карды ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған кеште қазақтың екі жауынгері Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан жекпе-жек өткізеді. Екі жауынгер де прелимде өнер көрсетеді.
Асу Алмабаев (22-3, UFC 5-1) америкалық Алекс Перезбен (25-9, UFC 7-5) күш сынасады. Аталған жекпе-жекте Асудың бұрышында Шавкат Рахмонов, Ораз Алдыбаев және Эдуард Базаров болады.
Ал Бекзат Алмахан (12-2, UFC 1-1) грузиялық Александр Топуриямен (6-1, UFC 1-0) кездеседі.
Төменде аталған жекпе-жек кешінің айқастары реттілік бойынша көрсетілген:
- 1. Марек Буйло (Польша) vs Дензел Фриман (АҚШ)
- 2. Нурулло Алиев (Тәжікстан) vs Шем Рок (АҚШ)
- 3. Исмаль Наурдиев (Марокко) vs Райан Лодер (АҚШ)
- 4. Бекзат Алмахан (Қазақстан) vs Александр Топурия (Грузия)
- 5. Абдул-Рахман Яхьяев (Түркия) vs Рафаэль Серкейра (Бразилия)
- 6. Алекс Перез (АҚШ) vs Асу Алмабаев (Қазақстан)
- 7. Николас Далби (Дания) vs Сайгид Изагахмаев (АҚШ)
- 8. Богдан Град (Австрия) vs Люк Райли (Англия)
- 9. Тагир Уланбеков (Ресей) vs Киёджи Хоригучи (Жапония)
- 10. Сергей Спивак (Молдова) vs Шамиль Газиев (Бахрейн)
- 11. Джек Херманссон (Норвегия) vs Мыктъбек Оролбай (Қырғызстан)
- 12. Волкан Уздемир (Швейцария) vs Алонзо Менфилд (АҚШ)
- 13. Белал Мұхаммед (Палестина) vs Иэн Мачадо Гарри (Ирландия)
- 14. Арман Царукян (Армения) vs Дэн Хукер (Жаңа Зеландия).
Хабиб Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты
OCTAGON 82 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушы анықталды
Асу Алмабаевтың Перезге қарсы жекпе-жекке дайындығы жайлы айтылды