«Теория жүзінде – әрине». «Номадтың» бапкері Рахмонов - Махачев жекпе-жегі туралы
Аралас жекпе-жек жанкүйерлері, мамандар мен БАҚ жексенбі күнгі Ислам Махачевтің үстем жеңісін әлі талқылап жатыр. Осы нәтижеден кейін ол бірден екі салмақта UFC чемпионы атанды. Бірақ дәл қазір бәрін қызықтыратын сұрақ – осы бірегей спортшымен келесі болып октагонға кім шығады?
Қазақстандық UFC файтерлерді Шавқат Рахмонов пен Асу Алмабаевтың бапкері, қазір Катарда «Зульфикардың» 22 қарашада өтетін жекпе-жегіне соңғы дайындықты өткізіп жатқан Эдуард Базров Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында әлемдегі ең танымал ММА промоушенінің қос белбеуін иеленген чемпионның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты.

- Эдуард Тотразович, сіздің ойыңызша, Ислам Махачев жартылай орта салмақта ұзаққа қалатын сияқты ма? Бәрін де дәлелдеп қойғаны белгілі… Ал оның келесі қарсыласын кім деп ойлайсыз?
- Меніңше, Ислам бәріне бәрін дәлелдеді. Келесі жекпе-жек Иллия Топуриямен өтсе, өте әдемі болады деп ойлаймын. Топурия да онымен жұдырықтасқысы келеді. Сондықтан Исламға супер-жекпе-жек ретінде Топуриямен белдескені жақсы болар еді.
Ислам бұл салмақта әлі көпке дейін өнер көрсете алады. Ол бір кездері лаки-панчпен жеңілген, рекордындағы бір жеңілістен қорықпайды. Көптеген спортшылар рекордындағы нөлді жоғалтудан қорқады. Карьерасын да сол нөлімен аяқтағысы келеді. Ал Ислам ондайдан қорықпайды.

- Яғни, Ислам бұл салмақта байыппен және ұзаққа қалып жатыр ғой?
- Ол еркін дайындалып, еркін жұдырықтасады. Сондықтан, менің ойымша, ол тағы кем дегенде екі-үш жыл осы салмақта өнер көрсетеді. Өзі айтқандай: «Мен екі белбеусіз кетпеймін». Екінші белбеуді алды – енді ары қарай жүрегі қалай қалап, командасымен не шешсе, соны жасайды. Жалпы, әлі ұзаққа жүре алады.
- Ислам Махачев пен Шавқат Рахмонов арасында жекпе-жек бола ма қалай ойлайсыз?
- Шавқатпен жекпе-жек пе? Теория жүзінде – әрине, Шавқат та чемпион болғысы келеді. Теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да бұл жекпе-жек өтуі мүмкін. Бірақ қашан, қандай жағдайда – оны күтеміз. Ең бастысы – дайындалу, формада болу, фокус, еңбек. Сонда кез келгенімен жұдырықтаса беруге болады.
Ислам бола ма, әлде басқа мықтылар ма – дивизион өте күшті. Өздеріңіз көрдіңіздер, Моралес Брэдиді нокаутқа жіберді. Пратес те жақсы өнер көрсетті – бірақ ол жеңген қарсыласы қазір төмендеп бара жатқан спортшы деп ойлаймын.

Қысқасы, Ислам келгелі дивизион жанданды. Мен керісінше жоғары бәсекелестікті жақсы көремін. Нағыз «еттартқыш» болғаны дұрыс. Сондықтан – өте жақсы. Керемет.
Ислам мен Шавқаттың ықтимал жекпе-жегі туралы жақын уақытта білетін боламыз. Келесі жылы Шавқат октагонға оралуы әбден мүмкін. Көреміз.
Фото: UFC, Getty Images, Zuffa LLC
Хабиб Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты
OCTAGON 82 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушы анықталды
Асу Алмабаевтың Перезге қарсы жекпе-жекке дайындығы жайлы айтылды