Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық кезеңге өтті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық кезеңге өтті

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол құрамасы өз жас санатындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық раундына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Соңғы ойын күнінде Кирилл Кекердің шәкірттері Кипр құрамасымен 1:1 есебінде тең ойнады. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Мансур Бірқұрманов соқты. Осылайша 4 ұпай жинаған қазақстандық жас футболшылар өз іріктеу тобында екінші орынға ие болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сенсациялық түрде Ирландияны жеңіп, алаң иелері әрі бас фаворит Нидерландтардан ұтылған болатын.

Бұл — қазақстандық жасөспірімдердің Еуропа чемпионатының элиталық раундына алғаш рет шығуы. Келесі кезеңнің жеребесі желтоқсан айында өтеді, ал матчтар 2026 жылдың наурызында басталады.

Дінмұхаммед Қашкен «Қайратта» неге қалмағанын түсіндірді

Әли Әлиев жастар құрамасын баптауы мүмкін

Фарер аралдары - Қазақстан матчының тағдырын бір гол шешті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или