Балуан Зейнеп Баянова финалға өте алмады
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрымды балуанымыз 53 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күрескен еді.
Ол бұл кезеңде Нигерия өкілі Кристиана Огунсаньямен белдесті. Нәтижесінде нигериялық балуан финалға өтті.
Ал отандасымыз Зейнеп Баянова тәжікстандық Ватансултон Шакаршоевамен қола жүлдені сарапқа салады.
Исламиада-2025: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық спортшы Катардағы халықаралық турнирде топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или