Хабиб Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Хабиб Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

UFC Даңқ залының 37 жастағы мүшесі, жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің досы және жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) қазіргі UFC чемпионы Ислам Махачевтің қашан келесі жекпе-жегін өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, ол Рамазаннан кейін жұдырықтасады. Рамазанға үш ай қалды. Егер Рамазанға дейін жекпе-жек өткізу керек болса, қазірден бастап дайындалу қажет. Сол себепті [Исламның келесі жекпе-жегі] Рамазаннан кейін болады», — деді Нурмагомедов журналист Адам Зубайраевқа берген «Хасл Шоу» бағдарламасындағы сұхбатында.

Қазіргі таңда Махачев UFC-де 16 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясында келеді. Жарыс жолында Исламның 28 жеңісі және бір ғана жеңілісі бар. Кәсіби ММА спортшысы ретіндегі дебютін ол 2010 жылы жасаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или