Алматыдағы OCTAGON 82 мейн-ивентіне шығатын қазақстандық жауынгер белгілі болды

Алматыдағы OCTAGON 82 мейн-ивентіне шығатын қазақстандық жауынгер белгілі болды


Алматыда өтетін OCTAGON 82 турнирінің басты айқасына шығатын алғашқы қатысушы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 қарашада мейн-ивентте тәжірибелі қазақстандық файтер, Евразиялық лиганың бұрынғы чемпионы Георгий «Рыцарь» Кичигин (33-11) октагонға оралады. Оның қарсыласы әзірге жарияланған жоқ, бірақ жекпе-жектің рейтингілік статусқа ие болатыны белгілі.

Айта кетейік, бұл салмақтағы қазіргі чемпион — тағы бір қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2).

OCTAGON 82 турнирінде Константин Меркулов, Жасурбек Жураев, Бобур Абдулазизов, Саидитахон Нуриддинов, Данияр Оңғар және басқа да файтерлер өнер көрсетеді. Кеше белгілі болғандай, олардың бірі бұрын UFC-де жұдырықтасқан Сергей Морозовтың экс-қарсыласымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или