Испания ұлттық командасы әлемдік рекордты қайталады
Испания құрамасы ресми матчтардағы негізгі уақытта жеңілмеген сериясын 31 ойынға жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат басылымына сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш 2026 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеудің 6-турында Түркиямен өткен кездесуінде (2:2) тіркелді.
AS жазғандай, Луис де ла Фуэнтенің командасы Италияның әлемдік рекордын қайталады: 2018 бен 2021 жылдары Адзуррилер де 31 ресми матчтың негізгі бөлімінде қарсыластарына жол бермеген еді.
Испания соңғы рет ресми ойында 2023 жылдың наурызында Шотландияға есе жіберген (0:2). Сол уақыттан бері команда Ұлттар лигасын (2023) және Еуропа чемпионатын (2024) жеңіп алды.
Сонымен қатар де ла Фуэнте шәкірттері 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама алып үлгерді.