Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері ауысуы ықтимал

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері ауысуы ықтимал


Қазақстан құрамасының бас бапкерінің ассистенті Әли Әлиев елдің жастар құрамасын тізгіндеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін U21 тобының бас бапкері қызметіне Александр Кузнецов негізгі үміткер ретінде қарастырылған еді, алайда Қазақстан футбол федерациясы Әлиевтің кандидатурасын да жоққа шығармай отыр.

Әли Әлиевтің өзі де бірнеше рет жастар құрамасының дамуына үлес қосқысы келетінін ашық айтқан.

Айта кетейік, Әли Әлиев Қазақстанның негізгі құрамасын 2025 жылдың қаңтарында қабылдап алған. Ол Станислав Черчесовтың орнына келгеннен кейін бес матч өткізіп үлгерді: Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді, ал Уэльс, Солтүстік Македония және Бельгия командаларынан ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или