Мұздыман келесі жылғы жоспарымен бөлісті
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (9–0, 6 КО) алдағы маусымға жоспарын жариялап, 2026 жылы кездесуі мүмкін қарсыластардың тізімін көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап. Спортшы Instagram-да арнайы бейнеролик жариялап, өзіне қызығушылық тудырған мықты қарсыластарды атады.
Олардың қатарында үш атақты боксшы бар:
— Чернека «Sugar Neekz» Джонсон (18–2, 8 КО) — бантам салмақтағы абсолют чемпион, WBA, IBF, WBC және WBO белбеулерінің иесі. Соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 11 шілдесінде Madison Square Garden аренасында өткізіп, Шурретта Меткалфты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген.
— Дина Торслунд (23–0, 9 КО) — жеңіліп көрмеген дат боксшысы, бұрынғы WBO чемпионы (супер-бантам), қазіргі WBC және WBO чемпиондары (бантам). 2024 жылдың 25 қазанында Терюми Нукиді төрешілердің бірдей шешімімен жеңіп, екі белбеуін де қорғаған.
— Мицуки Хирута (9–0, 2 КО) — WBO нұсқасы бойынша супер-флайвейттегі әлем чемпионы. 2025 жылдың тамызында Наоми Карденас Гоместі жеңіп, атағын сақтап қалған.
Балауса Мұздыманның соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың қыркүйегінде өтті. Сол кездесуде ол UBO нұсқасы бойынша найлегчай салмақта әлем чемпионы атанып, үндістандық Мамта Сингхті техникалық нокаутпен жеңген.