2026 жылғы әлем чемпионатына шыққан алғашқы 39 команда анықталды

2026 жылғы әлем чемпионатына шыққан алғашқы 39 команда анықталды


2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын 48 құраманың 39-ы ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Еуропадан жолдама алғандар: Германия, Швейцария, Шотландия, Франция, Испания, Португалия, Нидерланд, Австрия, Норвегия, Бельгия, Англия, Хорватия.

Оңтүстік Америка өңірінен (КОНМЕБОЛ): Аргентина, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Колумбия, Парагвай.

Азиядан: Австралия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Катар, Иордания, Өзбекстан.

Африка құрлығында: Алжир, Тунис, Мысыр, Гана, Марокко, Кабо-Верде, Кот-д’Ивуар, Сенегал, ОАР.

Океаниядан – Жаңа Зеландия.

Ұйымдастырушы елдер — АҚШ, Канада және Мексика — автоматты түрде финалдық кезеңге қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или