Қазақстан құрамасы 2025 жылдағы соңғы матчта ұтылды

Қазақстан құрамасы 2025 жылдағы соңғы матчта ұтылды

Хорватияның Пула қаласындағы «Альдо Дрозина» стадионында өткен Фарер аралдары мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчқа хорватиялық Дуже Струкан төрелік етті.

Фарер аралдары құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шабуылшы Петур Кнудсен 25-ші минутта кездесудегі жалғыз голды соқты.

Бұған дейін Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгиямен тең ойнап, 8 ойыннан 8 ұпай жинап, бапкер Талғат Байсуфиновтың басшылығымен J тобында төртінші орын алған болатын.


Ресми: «Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетті

Астаналық клуб бас бапкерімен қоштасуы мүмкін 

УЕФА Қазақстан - Бельгия матчы жайлы пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или