Исламиада-2025: Балуан Ислам Евлоев әлем чемпионына жол беріп, күміс жүлдегер атанды

Исламиада-2025: Балуан Ислам Евлоев әлем чемпионына жол беріп, күміс жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жерлесіміз 87 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Ислам шешуші белдесуде биыл 82 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған ирандық Голамреза Фарохимен күш сынасты.

Фарохи ақтық сында 6:0 есебімен жеңіске жетті. Евлоев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы


Qatar Open турнирінде қазақстандық таеквандошылар 11 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Катардағы халықаралық турнирде топ жарды

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесушілері екі медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или