Қазақстан - Фарер аралдары: негізгі құрамдар жарияланды
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге қатысатын негізгі құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ойынға келесі құраммен шығады: Шайзада, Жагоров, Әліп, Малый, Қайыров, Жуков, Қасабулат, Қараман, Э. Астанов, Кәрімов және Жұмат.
Фарер аралдарының негізгі құрамы: Рейнатред, Ферет, Ванхамар, Свенссон, Бенджаминсен, Бьярталид, Андреасен, Агнарссон, Фредериксберг, Кнудсен және Джустинуссен.
Қазақстан мен Фарер аралдарының кездесуі бүгін Хорватияның Пула қаласында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.
Екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады: Қазақстан J тобында 8 ұпаймен төртінші орын алды, ал Фарер аралдары L тобында 12 ұпаймен үшінші орын алды.
Ресми: «Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетті