Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қалған ойындарын Астанада өткізеді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қалған ойындарын Астанада өткізеді

«Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесе отырып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіреді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.


Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды.

Астаналық клуб бас бапкерімен қоштасуы мүмкін 

УЕФА Қазақстан - Бельгия матчы жайлы пікір білдірді

Еркін Тапалов: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или