Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» клубының иесі атанады
Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі үлескері Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» клубының иесі атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қараша айының басында «Ақтөбе» клубын жекешелендіруге дайындық жүріп жатқаны белгілі болған еді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бұл мәселе бойынша шешім жыл соңына дейін қабылданатынын айтқанымен, сол кезде инвестордың аты-жөні жария етілмеген болатын.
Осылайша, «Ақтөбе» жеке меншік иесі бар ҚПЛ клубтарының қатарына қосылды. Бұған дейін инвесторлары анықталған клубтар:
- «Қайсар» – бизнесмен Исламғали Қозбақов (TAU Group Ltd),
- «Қызылжар» – ЦАТЭК компаниясының қосалқы иесі Сергей Кан,
- «Жеңіс» – кәсіпкер Михаил Ломтадзе.
Сондай-ақ «Шахтёр», «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары да жекешелендіру процесінде тұр.
Айта кетейік, Артықбаев алғаш рет Forbes Kazakhstan журналының ең бай бизнесмендер рейтингіне 2025 жылғы мамыр айында енді. Ол тізімде 228 миллион доллар көлеміндегі капиталы арқылы 44-орынға жайғасқан. Qazaq Stroy компаниясынан бөлек, ол Telecom Systems Ltd. компаниясының иесі болып табылады. Аталған компания «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының шамамен 10% акциясына ие.
Ресми: «Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетті