WBA қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жектің нәтижесін ресми турде жойды
Қазақстандық кәсіби боксшы Ангелина Лукас (IBO, WBF, WIBF чемпионатының иегері) Каирде өткен WBA Gold World Champion титулы үшін жекпе-жегінің нәтижесі ресми түрде аннулирленгенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізі жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы америкалық Кэтрин Ренниге жеңілген болатын. Бірақ, кейінгі тексеріс нәтижесінде жекпе-жек «No Contest» деп жарияланды. Бұған Реннидің допинг-тесттен өтпеуі және төрешілер хаттамасындағы айтарлықтай қателіктер себеп болған.
Лукас әлеуметтік желідегі парақшасында: «Жекпе-жек ресми түрде аннулирленді. Жеңіс қарсыласыма берілген жоқ: ол допинг-тесттен өтпеді, төрешілерде елеулі кемшіліктер болды. Мен рингте адал жұдырықтастым және соңына дейін барымды салдым», — деп жазды.
Еске салайық, бұл кездесуде жоспарланған он раундқа дейін жалғасты.
Энтони Джошуа мен Джйк Пол арасындағы жекпе-жек ресми жарияланды
Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді