Қанат Ислам көп жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралады

Қанат Ислам көп жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам көп жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралуы туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізбек. Бұл жөнінде промоутерлік компания былай деп мәлімдеме жасады:

«Қанат Ислам Ali Akhmedov Promotion Fight Night кардында жекпе-жекке қосылады. Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Канат рингке оралып, тәжірибе - басты қару екенін дәлелдемек», - деп жазылған хабарламада.

Әзірге Қанаттың қарсыласы кім екені әлі белгісіз. Айта кетейік, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жек өткізіп, оның 28-інде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2022 жылы 7 қазан аргентиналық Хавьер Франциско Масиельге қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Ali Akhmedov Promotions Fight Night кәсіпқой бокс кеші 27 желтоқсан күні Алматыдағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде өтеді. Басты жекпе-жекте қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0,17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1,22КО) қолғап түйістіреді.

Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Әлімханұлы Канелоны жеңген боксшыны жекпе-жекке шақырмақ

Терренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізуді қалайды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или