Таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс жүлдегер атанды

Таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс жүлдегер атанды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті.

Финалда отандасымыз өзбекстандық Марат Мавлоновпен өзара мықтыны анықтады. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бауыржан Хасенов Ислам ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Нұрбек Ғазез: басты мақсат - алтын медаль еді

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесушілері екі медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или