Бауыржан Хасенов - финалдағы өнеріме көңілім толмады
Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль алды. Алайда финалдан кейін спортшы өз өнеріне көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өз нәтижеме, әсіресе, финалдағы өнеріме көңілім толмады. Бұған дейін бәрі жақсы өрбіп келе жатқан.
Шешуші кездесуде күшімді сақтау үшін жағдайды бақылауда ұстаймын деп ойладым. Соның салдарынан мүмкіндіктерімді жіберіп алдым. Тактикам жүзеге аспады.
Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Басты мақсат - әлем чемпионаты мен 2028 жылғы Олимпиада", - деді Хасенов.
Айта кетейік, таеквондошы 82 келіден жоғары салмақта екінші орын алды.
Нұрбек Ғазез: басты мақсат - алтын медаль еді
Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесушілері екі медаль еншіледі