Нұрбек Ғазез: басты мақсат - алтын медаль еді

Нұрбек Ғазез: басты мақсат - алтын медаль еді

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нұрбек Ғазез Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, басты мақсат - алтын болған.

"Жүлдегерлер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Бірақ, бұл - біз көздеген нәтиже емес. Мақсат - алтын медаль еді. Дегенмен қолда барды бағалаймыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, көп еңбектенеміз.

Сауд Арабиясында мені үнемі қолдап жүретін жақсы достарым бар. Солардың қолдауы ерекше күш берді.

Алда Қазақстан чемпионаты бар. Келесі жылы да көптеген жарыс өтеді. Сондықтан алда ауқымды жұмыс күтіп тұр", - деді Ғазез.

Айта кетейік, Нұрбек Ғазез 67 келі салмақта ел намысын қорғап, жүлдеге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или