Таеквондошы Нұрбек Ғазез Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды

Таеквондошы Нұрбек Ғазез Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Нұрбек Ғазез Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол Буркина-Фасо өкілі Ибрахим Майгамен күш сынасты. Ғазез тартысты кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз 67 келі салмақта ел қоржынына қола жүлде салды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или