Ирина Сизова Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдеге іліге алмады

Ирина Сизова Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдеге іліге алмады

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлетика жарыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында қазақстандық Ирина Сизова медальға бір қадам жетпей қалды.

Сизова үздік мүмкіндігінде 1,77 метр нәтижесін көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді.

1,84 метр нәтижесін көрсеткен өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева жеңіске жетті. Екінші орынға Гвинея спортшысы Фатумата Баллей (1,84 метр) тұрақтады. Ал үздік үштікті 1,81 метр нәтижесімен Валерия Горбатова (Өзбекстан) түйіндеді.

Қазақстан ушу құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын бір медальмен аяқтады

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі

Кирилл Герасименко Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или