Теренс Кроуфорд Әлімханұлына қатысты сұраққа жауап берді
Кәсіпқой бокстың жұлдызы Теренс Кроуфорд орта салмақта да абсолютті чемпион болу жайлы The Ring сайтының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Алдағы уақытта не болатынын ойлап көрдің бе? Орта салмаққа ауысу сені шынымен қызықтыра ма? Жәнібекке көз тігiп жүрсің бе?
— Мен демалып, жай ғана тынығып жүрмін. Қазір ештеңе үшін уайымдамаймын. Осы сәтте мен тек балаларымды ғана ойлаймын, басқа ештеңені емес, - деп жауап берді америкалық боксшы.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO, IBF және WBA белбеулері үшін Эрисланди Ларамен чемпиондық жекпе-жегін өткізеді.
Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді
Әлімханұлы Канелоны жеңген боксшыны жекпе-жекке шақырмақ
Терренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізуді қалайды