Астаналық клубтың бас бапкеріне қызығушылар көбейді

Астаналық клубтың бас бапкеріне қызығушылар көбейді

Астаналық «Жеңіс» клубының украиналық бапкері Андрей Демченко клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған Қазақстан Премьер-лигасы мен Еуропаның бірнеше командасы қызығушылық танытуда. Оның елордалық клубпен жасалған келісімшарты аяқталды және тараптардың оны ұзартуы белгісіз күйде қалып отыр.

Алдағы екі аптада 49 жастағы маманның жаңа жұмысы анықталады де күтілуде. Дереккөздің айтуынша, Демченко Премьер-лига клубтарымен, сондай-ақ Польша, Кипр және Венгрия клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Украиналық бапкердің басшылығымен «Жеңіс» жақсы маусым өткізді. Команда он матчтан тұратын жеңіс сериясын көрсетіп, «Елімай» (2:1), «Ақтөбе» (2:0) және «Астана» (3:2) командаларын жеңіп, чемпионатты алтыншы орында аяқтады.

УЕФА Қазақстан - Бельгия матчы жайлы пікір білдірді

Еркін Тапалов: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?»

Бельгия қорғаушысы Теат Астанадағы ойын туралы пікірін айтты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или