Демченко «Жеңістен» кетуі мүмкін: ҚПЛ және Еуропадан қызығушылық бар

Демченко «Жеңістен» кетуі мүмкін: ҚПЛ және Еуропадан қызығушылық бар

«Жеңіс» бас бапкер Андрей Демченкодан айырылып қалуы ықтимал. 49 жастағы украин маманына ҚПЛ мен Еуропа командаларынан қызығушылық бар, деп хабарлайды ASnews.kz. Оның елордалықтармен жасалған келісімшарты аяқталды және тараптардың оны ұзартуы неғайбыл.

Алдағы екі апта ішінде Демченконың қай клубта жұмысын жалғастыратыны белгілі болады. Қазіргі таңда бапкер Премьер-лига командаларымен және Еуропаның бірнеше клубымен келіссөз жүргізуде. Бұл Польша, Кипр немесе Венгрия чемпионаттарының өкілдері болуы мүмкін.

Өткен маусымда Демченконың басшылығымен елордалықтар он матчқа созылған жеңіліссіз серия жасады. «Жеңіс» сондай-ақ «Елімайды» (2:1), «Ақтөбені» (2:0) және «Астананы» (3:2) жеңіп, маусымды алтыншы орында аяқтады.

Бұған дейін «Аякс» клубының бұрынғы футболшысы «Металлист 1925», «Дила» және «Динамо» (Батуми) командаларын жаттықтырған.


Еркін Тапалов: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?»

Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ

Бельгия қорғаушысы Теат Астанадағы ойын туралы пікірін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или