Алькарас — Синнер: ATP финалдық турнирінің жеңімпазы анықталды
Италияның Турин қаласында өткен 2025 жылғы ATP қорытынды турнирінің финалында испаниялық Карлос Алькарас (ATP рейтингінде 1-орын) пен италиялық Янник Синнер (2-орын) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде Синнер 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағат төрт минутқа созылды.
Осылайша, Янник Синнер турнирде топ жарып, ерлер теннисі тарихындағы рекордтық жүлде – 5 071 000 долларға ие болды.
Айта кетейік, топтық кезеңде Синнер канадалық Феликс Оже-Альяссимді (8-орын) — 7:5, 6:1, германиялық Александр Зверевті (3-орын) — 6:4, 6:3, америкалық Бен Шелтонды (5-орын) — 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда аустралиялық Алекс Де Минаурдан (7-орын) 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.
ATP Қорытынды турнирінің финалдық жұбы анықталды
Янник Синнер ATP турнирінде бірегей рекорд орнатты
Қазақстандық теннисші Мысырда ресейлік қарсыласын жеңді