УЕФА Қазақстан - Бельгия матчы жайлы пікір білдірді
УЕФА-ның ресми сайты 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында өткен Қазақстан - Бельгия матчына (1:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бельгия құрамасы Ханс Ванакеннің голының арқасында J тобындағы үздік екілікке енді. Қонақ команданың капитан екінші таймның басында Тимоти Кастан берген пасты пайдаланып, баспен гол соқты.
Бельгия әлем чемпионатының іріктеу матчтарында қатарынан 35 матч бойы жеңілмей келеді, бірақ Қазақстандағы кездесу олар үшін тосын әрі сүреңсіз басталды. Тоғызыншы минутта қарсылас жарты алаңында допқа ие болған 17 жастағы Дастан Сәтпаев алға жүгіріп, тапқырлықпен жақын бұрышты дәл көздеп, қақпашы Матц Селсті қапы қалдырды. Алаң иелері сапынан Ислам Чесноков алаңнан қуылды, бірақ бельгиялықтар жеңіске жетіп, топтағы бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз ете алмады», - деп жазады сайт.
Еркін Тапалов: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?»
Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ
Бельгия қорғаушысы Теат Астанадағы ойын туралы пікірін айтты