Шавкат Рахмонов — Ислам Махачев жекпе-жегі өте ме?

Шавкат Рахмонов — Ислам Махачев жекпе-жегі өте ме?

DAR командасының бас жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкірті Шавкат Рахмоновтың жартылай орта салмақтағы жаңа UFC чемпионы Ислам Махачевке қарсы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шавкат Исламды құттықтады, оған құрмет көрсете отырып, өз кезегін күтіп жүргенін оның есіне салды. Ислам қазір салмақ дәрежесінен тыс ұйым рейтингінде бірінші орында тұр. Оны UFC-тегі ең үздік файтер деп санаймын. Ислам жаңа салмақ санатында чемпион атанып, мықтылығын дәлелдеді.

Рахмонов  пен Махачев жекпе-жегіне келер болсақ, Шавкатқа бабына келу үшін ұзақ үзілістен кейін кем дегенде бір жекпе-жек өткізу қажет болады. Алда не боларын көреміз. Жағдай тым жылдам өзгеріп жатыр, Ислам мен Топурия арасындағы жекпе-жек туралы әңгіме айтылып қалды, олар кездесуді жарнамалап жатыр. Шавкат қазір дайындалып жатыр, бірақ біз үшін ең бастысы - формада болып, қаңтар немесе ақпан айларында октагонға аралу», - деді Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың кейінгі жекпе-жегі былтыр желтоқсанда өткен, онда жерлесіміз Иен Гэрриді төрешілер шешіммен жеңді. 

Қырғыз файтері UFC турнирінде сенімді жеңіске жетті

Шавкат Рахмоновтың салмағындағы жекпе-жегінде нокаут тіркелді

Ислам Махачев UFC-дің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или