Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Серік Сәрсембайұлы Бердалин бүгін, 16 қарашада, ұзаққа созылған науқастан кейін 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарағанды футбол мектебінің түлегі ойыншы мансабын аяқтаған соң «Шахтер», «Ертіс», «Жетісу» клубтарын жаттықтырды. 1995 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған.
Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері. Сондай-ақ 1995 жылғы Қазақстан Республикасының үздік футбол жаттықтырушысы атанған.
Серік Бердалиннің жерлеу рәсімі сейсенбі, 18 қарашада өтеді.
Prosports.kz редакциясы марқұмның отбасы мен достарына шын жүректен көңіл айтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или