Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Айдос Медет (13-0, 9 КО) АҚШ-та алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Калифорнияның Лонг-Бич қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде мексикалық Давид Рейес Котамен (25-14-2, 13 КО) кездесті. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, бірақ Медет мерзімінен бұрын нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Айдос Медет кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Давид Рейес Кота он бесінші рет жеңіліске ұшырады. Медет кәсіпқой жекпе-жекке 2018 жылдан бері қатысып келеді. 24 жастағы қазақстандық өз елінде екі жекпе-жегінен өткізген. Ол АҚШ-тан бөлек 2023 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен бокс кешіне де қатысқан.
Майк Тайсон әлемдегі ең үздік боксшыны атады
Қазақстандық боксшы кейінгі бес жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Энтони Джошуа мен Джейк Пол жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды