Тапалов Бельгиямен ойын алдындағы көңіл күйін айтты
«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов Бельгияға қарсы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчына дайындық жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшыдан Бельгиядан ұпай алуға сенген-сенбегені сұралғанда, ол нақты жауап қайырды: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?» — деді Тапалов.
15 қараша күні Қазақстан құрамасы Астанада бельгиялықтармен 1:1 есебімен тең түсті. 32 жастағы Тапалов бұл ойында толық 90 минут ойнады.
Қорытындысында Қазақстан J тобында 8 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Топ жеңімпазы — 15 ұпай жинаған Бельгия.
Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ
Бельгия қорғаушысы Теат Астанадағы ойын туралы пікірін айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или