Жас теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.
С.Жиенбаева — С. Бродус финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 4:0, 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін корт иелері есепті сәл қысқартқанымен, Жиенбаева — Бродус сетті тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Соня — Саванна брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3.
Чемпиондық матч 1 сағаттан астам уақытқа созылды.
Осылайша, Соня Жиенбаева жұптық сында титулды жеңіп алды.
ATP Қорытынды турнирінің финалдық жұбы анықталды