Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ

Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ

Бельгияның жетекші спорт порталы Sporza.be 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Бельгия (1:1) матчына шолу жасап, қазақстандық ойыншылардың ерлігіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Астананың «сюрреалистік орталығында» жаңа ескерткіштерге орын бар сияқты. Бельгиялық журналистер матчтың бірінші таймында Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековке ескерткіш қоюға болар еді деп мысқылмен жазған.

17 жастағы жас жұлдыз Бельгияны таңғалдырды

Ойынның 9-минутында 17 жастағы Дастан Сәтпаев күтпеген жерден Қазақстанды алға шығарды. Бұл эпизодта бельгиялық қорғаушы Театаның қателігі әсер еткен. Бұған қоса қақпашы Сельс рикошеттен кейін жақын бұрыштан гол жіберіп алды –1:0.

Бельгиялық басылым мұны «Қазақ құрама тарихындағы ең ірі жеңіске мүмкіндік берген сәт» деп бағалады.

Анарбеков – нағыз құтқарушы

Бірінші таймда Троссар, Де Кетеларе және Кастанье бірнеше қауіпті сәт жасағанымен, қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков бәрін сәтті қайтарды.

Sporza оны «елінің нағыз құтқарушы» және «магнит сияқты сейв жасаған қақпашы» деп атады.

Екінші таймдағы тартыс

Бельгия үзілістен кейін шабуылды күшейтіп, 53-минутта Ханс Ванакен Кастаньенің әуелетіп берген пасын голға айналдырды – 1:1.

Кейін бельгиялықтар тағы бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды, себебі қазақстандық қақпашы шабуылдардың бәріне тойтарыс берді.

75-минутта қазақстандық жартылай қорғаушы Чесноков Докуға қарсы қауіпті фол жасағаны үшін VAR шешімімен қызыл қағаз алып, команда 10 ойыншымен қалды.

Осыған қарамастан, Қазақстан соңына дейін шыдап, тарихтағы ең сенсациялық нәтижелердің бірін тіркеді.

Матч қаһармандары

  • Гол: Дастан Сәтпаев
  • Матчтың үздігі: Темірлан Анарбеков (8 сейв).

Sporza шолуын:

«Анарбеков шынымен ескерткішке лайық» деген сөзбен аяқтады.


Қазақстан әлем чемпионатына іріктеуде Бельгияны тоқтатты

Байсуфинов құрамадағы қызметін жалғастыруға асығар емес

Қазақстан – Бельгия матчы: Сәтпаев тарихи гол соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или