Қырғыз файтері UFC турнирінде сенімді жеңіске жетті
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Мэдисон Сквер Гарденде өтіп жатқан UFC 322 турнирінің екінші маңызды жекпе-жегінде қырғызстандық Валентина Шевченко (25-4-1) мен қытайлық боксшы Чжан Вэйли (26-3) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шевченко UFC жеңіл салмақтағы титулын бәске тікті. Бес раундтық жекпе-жек соңына дейін созылып, Валентина ұпай саны бойынша сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Шевченко мансабындағы 26-шы жеңісіне қол жеткізіп, белбеуін қорғады, ал Вэйли MMA-дағы төртінші жеңілісіне ұшырады.
UFC 322 турнирінің басты шайқасында австралиялық файтер Джек Делла Маддалена (18-2) мен ресейлік Ислам Махачев (27-1) UFC жартылай орта салмақтағы титулы үшін төбелеседі.
Шавкат Рахмоновтың салмағындағы жекпе-жегінде нокаут тіркелді
Артем Резниковтың бұрынғы қарсыласы Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті