ММА. Шавкат Рахмоновтың салмағындағы жекпе-жегінде нокаут тіркелді

ММА. Шавкат Рахмоновтың салмағындағы жекпе-жегінде нокаут тіркелді

Эквадорлық файтер Майкл Моралес Нью-Йоркте өтіп жатқан UFC 322 турнирінде америкалық Шон Брэдиді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

26 жастағы Моралес мансабында 19-шы рет жеңіске жетті және әлі жеңілмеген. 32 жастағы Брэди мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-де осы салмақта өнер көрсетеді. 


Артем Резниковтың бұрынғы қарсыласы Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті

UFC 322 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді. Видео

UFC 322: Махачев пен Маддалена жекпе-жек алдында көз түйістірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или