Артюр Теат Қазақстанмен матч жайлы ойын айтты
Бельгия құрамасының қорғаушысы Артюр Теат 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстанға қарсы өткен матчтағы (1:1) әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, гол соғылған эпизодта қателік болмағанның өзінде жағдайды түзетуге әбден болар еді.
«Мен Кони Де Винтермен ойнап, оған қысқа пас шығармақ болдым. Бірақ голды тоқтатуға мүмкіндік бар еді — олардың шабуылшысы әлі 50 метр жүгіріп өтуі керек болатын. Мен ешқашан аңғал ойын көрсетпеймін. Гол кезінде алаң да көмектеспеді: доптың секіруі өзгеше болды, біз ондайға үйренбегенбіз.
Мұнша ұзақ жол жүріп, тек тең түскеніміз өкінішті. Бірінші таймда әлсіз ойнадық, сол жеке қателік бізге гол болып қайтты. Бізде де мүмкіндіктер болды, есепті ертерек теңестіре алатын едік, бірақ тым көп доп ұстап, артқа ойнап қойдық. Сол арқылы оларға қысым жасауға мүмкіндік бердік.
Екінші таймда жақсырақ ойнадық, бірақ гол соғуға тиімділік жетіспеді. Бұл тек шабуылшылардың емес — кез келгеніміз гол соға алатын едік. Алдағы сейсенбіде дәл осы екінші таймдағыдай дайындалуымыз керек», — деді Теат walfoot.be басылымына.
Бельгия келесі ойынын 19 қарашада Лихтенштейнге қарсы өткізеді, ал Қазақстан құрамасы бір күн бұрын Фарер аралдарымен жолдастық матчта кездеседі.