Адам Шил шатаут жасап, «Барысқа» ірі жеңіс сыйлады

Адам Шил шатаут жасап, «Барысқа» ірі жеңіс сыйлады


15 қараша, сенбі күні ҚХЛ тұрақты маусымындағы кездесуде «Локомотив» өз алаңында «Барысты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық клуб маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы жеңісіне қол жеткізіп, Гагарин кубогының иегерін 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

«Барыс» қақпашысы Адам Шил тамаша ойын көрсетіп, қарсыластың 27 соққысының бәрін қайтарып, шатаут тіркеді.

Бұл — Шилдің маусымдағы екінші «құрғақ» матчы. Алғашқысы 29 қыркүйекте Владивостоктың «Адмиралына» қарсы 3:0 есебімен аяқталған ойында болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или