Адам Шил шатаут жасап, «Барысқа» сырт алаңдағы алғашқы жеңісті әкелді
15 қараша, сенбі күні ҚХЛ регуляр маусымындағы матчта «Локомотив» өз мұзында «Барысты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақ команда маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы жеңісіне қол жеткізіп, Гагарин кубогының иегерін 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
«Барыс» қақпашысы, америкалық Адам Шил керемет ойын көрсетіп, 27 соққының барлығын қайтарып, шатаут тіркеді. Бұл — Шилдің маусымдағы екінші «құрғақ» матчы. Алғашқысы 29 қыркүйекте «Адмиралға» қарсы өз алаңында 3:0 есебімен аяқталған кездесуде тіркелген еді.
Қазақстандық хоккейші АҚШ клубы сапында дебютін өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или