Қазақстан – Бельгия матчы: Сәтпаев тарихи гол соқты

Қазақстан – Бельгия матчы: Сәтпаев тарихи гол соқты


15 қараша күні 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын Қазақстан үшін іріктеудегі соңғы матч болды. Ал топ басында келе жатқан бельгиялықтар үшін бұл кездесуден кейін тағы бір ойын қалды.

Алматылық «Қайраттың» жас таланты Дастан Сәтпаев есепті 9-минутта-ақ ашты.

Осы голдың арқасында 17 жастағы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанып, жаңа рекорд орнатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или