Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан екінші қола медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан екінші қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен ату бойынша командалық жарыста үшінші орын алды.

Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан ату бойынша командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған еді.

Тұрар Дүйсехан: Алдағы мақсат “А” дәрежесінде әлем чемпионы болу

Кирилл Герасименко Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Қазақстандық каратеші Ислам ойындарының финалына шықты

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или