«Барселона» «Бавария» мен «Боруссия» қорғаушыларын сатып алмақ
«Барселона» «Бавария» қорғаушысы Деотшанкюле Юпамекано мен дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Нико Шлоттербекке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mundo Deportivo мәліметінше, «аралардың» 25 жастағы қорғаушысы каталониялық клубқа 40 млн еуроға ауысуы мүмкін. Ал Юпамеканоның неміс грандымен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген, сондықтан оның «Барселонаға» тегін өту мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.
Сонымен қатар каталониялықтар «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мен «Боруссия» форварды Серу Гирассиді бақылап отырғаны атап өтілді. Бұл екі футболшының да бағасы 65 млн еуро болуы мүмкін.
Қазақстан - Бельгия ойынында литвалық төреші төрелік етеді
Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы құрамы белгілі болды
Асхат Тағыбергенге түркиялық клубтан ұсыныс түскені белгілі болды