Тұрар Дүйсехан: Алдағы мақсат “А” дәрежесінде әлем чемпионы болу

Тұрар Дүйсехан: Алдағы мақсат “А” дәрежесінде әлем чемпионы болу

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына кезекті алтын медальді салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жерлесіміз финалдағы жеңісінен кейін сұқбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Финалдағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Қарсыласымның жасы үлкен әрі тәжірибесі де мол. Онымен қоса кәсіби спортшы, One Championship лигасында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. 

Психологиялық тұрғыда өте қиын болды. Дегенмен тиянақты дайындалып, жеңіске жеттік. 

Бірінші раундтан кейін бапкерлерім: "қысымды күшейт", - деп тапсырма берді. Өйткені қарсыласымның бойы кіші, физикалық тұрғыда әлсіз еді. Бұрышқа тақап, тізгінді қолға алу керек болды. Барлығы ойдағыдай өтті.

Басты мақсат - Қазақстан кубогы мен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, "А" дәрежесінде әлем чемпионы болу", - деді спортшы.

Кирилл Герасименко Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Қазақстандық каратеші Ислам ойындарының финалына шықты

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или