Денис Евсеев Египеттегі турнирдің жартылай финалына шықты

Денис Евсеев Египеттегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шарм-эль-Шейхте (Египет) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Евсеев ресейлік Сергей Петровпен кездесті. Алғашқы сетте есеп 3:5 болған кезде Петров матчты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық теннисші келесі айналымға өтті.

1/8 финалда Денис Евсеев бельгиялық Ромен Факонмен ойнап, есеп 6:2, 5:7, 1:2 болғанда кезде ол да матчты жалғастырудан бас тартқан.

Евсеевтің келесі қарсыласы швейцариялық Лука Стахели болады.

Ресми: Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енді

Рыбакина маусымда 500-ден аса эйс орындап, WTA рекордын жаңартты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или