Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сенсациядан соң Нидерландқа жол берді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сенсациядан соң Нидерландқа жол берді

Қазақстанның U-17 жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің 8-тобында Нидерландтан 1:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерландтар 9-минутта Джешурун Симеонның голынан кейін есеп ашты. 26-минутта Донни ван дер Лийке есепті еселеді, ал үзіліс алдында, 44-минутта Мұхаммед Абделла пенальтиден дәл соққы жасады.

Қазақстандықтар тек бір голмен жауап бере алды - 56-минутта Дәулет Орынбасар пенальтиден көзге түсті. Матч соңына қарай Орынбасар қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Артынша нидерландтықтар матч нүктесін қойды - 4:1.

Бұл матчқа дейін Қазақстан құрамасы топта бірінші орында тұрған еді, алайда осы жеңілістен кейін екінші орынға сырғыды. Екі турдан кейін топтағы турнир кестесі мынадай: Нидерланды - 4 ұпай, Қазақстан - 3 ұпай, Хорватия - 3 ұпай, Албания - 1 ұпай.

Еске салсақ, бірінші турда қазақстандықтар сенсация жасап, Хорватияны 2:1 есебімен жеңген еді, ал Нидерланды мен Албания 1:1 есебімен тең түскен.

Еуро-2027: Қазақстан жастар құрамасының матчы камбэкпен аяқталды

Самат Смақов «Жетісу» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан - Бельгия ойынында литвалық төреші төрелік етеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или