«Жетісу» бас бапкері қызметінен кетті

«Жетісу» бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстандық маман Самат Смақов «Жетісу» командасындағы жаттықтырушы қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Самат Смақов 1978 жылы дүниеге келген. 1997-2017 жылдары қазақстандық, ресейлік және түркиялық клубтарда ойнады. 

2018 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Өткен жылдан бері талдықорғандық «Жетісу» клубының бапкері болып келеді. 

Биыл талдықорғандық команда ел біріншілігінде 21 ұпаймен он екінші орынды місе тұтты. Соған қарамастан Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Сондай-ақ ол 2023 жылы бірінші лигада Семейдің «Елімай» клубының бас бапкері атанып, команданың Премьер-лигаға оралуына ықпал етті.

Айта кетсек, биыл Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасының V турындағы «Ордабасы» мен «Жетісу» кездесуінде бас төрешіге тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқан. Осыған байланысты ол төрт ойыннан шеттетілді. 

Қазақстан - Бельгия ойынында литвалық төреші төрелік етеді

«Қайрат» клубы әлемдік брендпен серіктестік орнатты

Талғат Байсуфинов: Шабуылда ойнауға тырысамыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или